Бүгінгі таңда республикамыздағы балық шаруашылығы елдің азық-түлік және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оның экспорттық әлеуетін арттыруға үлес қосуда. Батыс Қазақстан облысы бойынша балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Әли Ниязовтың айтуынша, инспекция қызметінің бір бағыты – балық шаруашылығын дамыту, балық ресурстарын қорғау, өсімін молайту. Балық қорғау заңнамаларының бұзылуының алдын алу, анықтау, облыстың барлық су айдынында мониторинг жүргізу де осы мекеменің міндетіне жатады. Табиғат пайдаланушыларға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру мақсатында инспекциядағы қызметкерлерден құралған балық шаруашылығы мен Ақжайық инспекциясы бөлімдері бар.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 9 шілдедегі №55 санындағы танымал журналист Нұрымбек Мүсәлімұлы «Балық азайып, мәселе көбейіп барады...» атты мақаласында мәселе көтереді. Оқыңыз, оқырман!
zhaikpress.kz