9.07.2021, 16:07
Оқылды: 31

Үшжақты комиссия отырысы өтті

9 шілде күні zoom платформасында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық үшжақты комиссиясының төрағасы Аманжол Алпысбаевтың жетекшілігімен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.

0000

Отырыс жұмысына комиссияның тұрақты мүшесі, Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде Батыс Қазақстан облысында қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша “Қауіпсіз еңбек” бағдарламасын бекіту, “Болашақ-Т” ЖШС және “Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы” АҚ өндірістік жарақаттануды азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелер қаралды.

“БҚО Кәсіподақтар орталығы” АКБ

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале