12.07.2021, 9:37
Оқылды: 37

Бөкей ордасында мониторингтік топ дүкендердегі санитариялық талаптардың сақталуын қадағалады

Бөкей ордасы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Света Рамазанова бастаған мониторингтік топ аудан орталығындағы дүкендерді аралап, санитариялық талаптардың сақталуын қадағалап, вакцина маңызын түсіндірді. Бас санитардың қаулысына сәйкес қоғамдық қызмет көрсету орындарындағы қызметкерлердің вакцина алуға міндетті екенін түсіндіріп, 15 шілдеге дейін екпе алуға кеңес берді. Екпе алмаған жағдайда ПТР тест тапсыру міндеті де айтылды.
C602A5B7-1021-4E11-9008-BA66C5DD0F31
Жалпы алғанда дүкендерде санитариялық талаптар біркелкі сақталған. Сатушы да, сатып алушы да маска киіп, ара қашықтықты сақтау, дүкенге екі адамнан артық кірмеу сияқты қарапайым қағидалар сақталған. 

59000218-95D6-45F1-9D12-9A475FC11AEA

Ерекше айта кетерлігі, "Жұлдыз" дүкенінің қожайынынан бастап барлық қызметкері екпе алыпты. "Жаннұр" дүкенінің жаңа қожайыны Гүлзат Бисенғалиева арнайы бұрыш жасап, санитайзер мен масканы тегін ұсынып отыр. 

- Негізгі мамандығым мұғалім болғандықтан екпе мәселесіне саналы түрде қарап, алдыңғы лекте алдым. Қызмет барысында екпе алу міндеттелетінін түсінемін. Індеттен құтылудың бірден-бір жолы екпе екенін әрқайсымыз дұрыс түсінсек, ауруды жеңер күніміз алыста емес, - дейді Гүлзат.

7C36FC07-55E8-4A2C-846C-78276F060208

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале