13.07.2021, 11:24
Оқылды: 24

Білім ордасының іргетасы қаланды

Осыдан біраз уақыт бұрын Казталов аудандық "Ауыл айнасы" газетіне Қарасу ауылдық округіне қарасты Жұлдыз ауылындағы А.Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектепке күрделі жөндеу қажет екендігі жөнінде мақала жазылып, мәселе көтерілген болатын. CE21836B-5F28-410A-B174-202FA46C0BD1Аудан үнпарағы көтерген мәселе атқамінерлерге жетіп, жаңа мектеп құрылысына қаржы бөлінді. Тапсырыс беруші – БҚО құрылыс басқармасы. 108 орындық мектептің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуші мердігер – «Алау Құрылыс» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «ҚұрылысМаркетинг» ЖШС, авторлық қадағалауды жүргізуші – «Miras-2019» ЖШС. Қазіргі таңда геодезиялық жұмыстар атқарылып, іргетастарына арналған бетонды блоктар жеткізіліп, іргетасы қалануда. Мердігер 2021 жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, халық игілігіне пайдалануға береміз деп сендірді.

A6FFE71D-4F0E-4D18-B8AC-92A9E8B283B2

«Ауыл айнасы» ақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале