13.07.2021, 12:07
Оқылды: 20

Аудан әкімі нақты тапсырмалар берді

Қаратөбе ауданы әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев бөлім басшыларымен және округ әкімдерімен кездесіп, атқарылар жұмыстарды талқылады.

885F66B6-9A50-4909-A39F-7B6709B736BB

Жиында аудан әкімі ауданға инвестиция тарту, ауыл шаруашылығында кооперативтер құру, жерді тиімді пайдалану, шөп бағасын тұрақтандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, жастарды оқытуға, оларға кәсіп ашуға айрықша көңіл бөлу мәселелерін де қамтыды.

Сондай-ақ округ әкімдері және бөлім басшылары жоспарларымен бөлісіп, тиісті тапсырмаларын алды.

 М.Амантаев,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале