14.07.2021, 14:20
Оқылды: 50

Бөрлі әкімі "Үлгілі келінмен" жүздесті

Бүгін Бөрлі ауданы әкімі Миржан Сатқанов БҚО бойынша "Үлгілі келін" атанған Балым Бейсхановамен кездесті.

5E6B61A3-E1C0-45B1-AEA0-70F9DDCA9FB4

 Айта кетейік, Балым Бейсханова Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдары қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен онлайн республикалық "Үлгілі келін-2021" байқауына қатысып, 200 қатысушының ішінен суырылып алға шығып, "Үлгілі келін" атанған болатын. Арнайы дайындап жіберілген видеороликте қатысушы келіндер, өздерін таныстырып, өнер көрсетіп және тағам әзірлеу бойынша сынға түскен. CF882DC0-DD7A-48FE-A622-7264F6D21FD2

Аудан басшысы кездесу барысында отбасы бірлігі мен құндылығын сақтауда мұндай байқаулардың маңызы зор екендігін айта келіп, алдағы уақытта аудан көлемінде де ұйымдастырылуы керектігін тілге тиек етті.

Өз ризашылығын білдірген аудан әкімі көпке үлгі болған келінге гүл шоқтары мен сый-сияпат ұсынды.

 Таныстыра кетсек, бөрлілік келін Балым - Семей өңірінің қызы. Бүгінде ол аудандық мәдениет үйіне қарасты Қызылтал клубында үйірме жетекшісі болып қызмет атқарады.

 Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале