«Ел құлағы – елу» демекші, қазіргі таңда картоп бағасының шарықтап тұрғанынан барлығы хабардар. Онымен бірге сәбіздің де бағасы қалысар емес. Жалпылама айтқанда қымбатшылықтың байқалатыны рас. Осындайда не істеу керек? «Бәрі қымбат» деп қол қусырып қарап отыру керек пе? Әлде «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегенді ұран қылып, бірігіп әрекет жасау қажет пе? Әсіресе қарапайым халықтың қалтасына соғуда. Сауда орындарында қымбатшылықтың иісі аңқып тұр. Алмайын десең дастарханыңа керек. Алайын десең, қымбат.
Білгендей-ақ... Ағымдағы жылы Тасқала ауданы әкімі Алдияр Сансызбайұлы ұжымдық бау-бақшаны қолға алу жөніндегі мәселені күн тәртібінен түсірген емес. Өткен жылы аудан орталығының іргесімен өтетін Деркөл өзенінің маңынан бақша егуге ниеттеніп отырған ұжымдарға арнайы орын дайындатып берген болатын. Мекеме ұжымдарының барлығы дерлік қолдарына күрегі мен шелегін алып бақша алаңына қарай ағылған еді. Сол көрініс биыл да қайталанып отыр. Өткен жылға қарағанда мекеме ұжымдарының қарасы қалың. Ұжымдық бау-бақшаны ұйымдастыру, оған халықты жұмылдыру әрі қызықтыру жұмыстары бірнеше уақытты талап етеді. Соған қарамастан Тасқала ауданының тұрғындары ұжымдық бау-бақшаға кірісіп те кетті. Қазіргі таңда уақтылы суарылып, дер кезінде арамшөптерден арылту жұмыстары жүргізілуде. Оны Тасқала ауылдық округі әкімдігінің мамандары қадағалап отыр. Оның үстіне биыл күннің ыстығы айтарлықтай. Сондықтан картоп егілген жерлерді көбірек ылғалдандырған абзал екендігін алға тартады мамандар.
Тасқала аудандық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы Ганмирлан Тұрғаналиев те бау-бақша туралы өз ойымен бөлісті. – Он сотық жерге картоп еккенбіз. Ұжымдық бау-бақша деп аты айтып тұрғандай, әріптестеріммен бірге картоп егуді қолға алдық. Бір жағынан ұжымның татулығы мен ауызбіршілігін көрсетсе, енді бір жағынан ұжымдағы әріптестер ұл-қыздарын әкеліп еңбекке баулып жатыр. Өсіп келе жатқан картоптың айналасындағы арамшөптерін жұлып, уақытымен суарамыз. Бұның өзі үлкен еңбекті талап етеді. Егу жұмыстарын жүргізіп, уақытымен алаңды тазартып отыру керек. Қоңыздардан да сақтайтын тыңайтқыштар сеуіп, әрдайым қадағалау керек болады. Міне, солардың бәріне ұжым болып атсалысып келеміз. Бұл үрдісті жыл сайын дәстүрге айналдырып, ауыл тұрғындарын еңбекқорлық пен мәдениеттілікке жетектеуіміз керек. Балаларымызды болашақта өз нанын тауып жей алатындай дәрежеге жеткізуіміз керек болады. Қазір өздеріңіз көріп жүргендей, дүкен «Ел құлағы – елу» демекші, қазіргі таңда картоп бағасының шарықтап тұрғанынан барлығы хабардар. Онымен бірге сәбіздің де бағасы қалысар емес. Жалпылама айтқанда қымбатшылықтың байқалатыны рас. Осындай да не істеу керек? «Бәрі қымбат» деп қол қусырып қарап отыру керек пе? Әлде «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегенді ұран қылып, бірігіп әрекет жасау қажет пе? Әсіресе, қарапайым халықтың қалтасына соғуда. Сауда орындарында қымбатшылықтың иісі аңқып тұр. Алмайын десең дастарханыңа керек. Алайын десең, қымбат. сөрелеріндегі жеміс-жидектердің бағасы шарықтап тұр. Ал солардың бәрі аулаңызда жайқалып тұрса жақсы емес пе? Уақыты келгенде орып алып, дастарханыңызға қоясыз. Қазіргі таңда құнарлы тағам адам баласына ауадай қажет-ақ. Соны ауылдастарымызға түсіндіргеніміз абзал. Қандай да болмасын елге қажетті істі бәріміз бірігіп жасайтын болсақ ауданымыз одан сайын гүлдене түсер еді, – дейді Ганмирлан Ғұсманұлы.
Сонымен қатар аудан жастары да ауыл тірлігіне бір кісідей атсалысып өздерінің ауызбіршіліктерін көрсетіп-ақ келеді. Қолдарына кетпен ұстап өзен жағасына бара жатқан жастарды көріп, көкейіңе қуаныш ұялайды. Осы тұрғыда аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Гүлдана Берниязовамен жолыққан едік. «Елдің болашағы жастардың қолында деп жатады. Ендеше жақсы істің қасынан табылатын және табылып жүрген тасқалалық жастар өз алдына бөлек жер алып, картоп екті. Оның үстіне биыл облыс әкімі Ғали Есқалиев те аяқтай келіп, жасап жатқан тірлігімізді көзбен көріп кетті. Өңір басшысы жастардың қара жұмыс жасап, еңбек етіп жүргенін көріп қуанды. Аудан әкімдігінен үлкен көмек болды. Жерімізді жыртып, дайындап, уақыт оздырмай Деркөл өзені арқылы бау-бақшамызды суарып тұруға көмегін аямай келеді. Бұның өзі үлкен көмек. Әйтпесе бір ұжымның барлық шаруаға күші жетпес еді. Сондықтан алдымызға тосып отырған барлық қолдауды қабыл алып, білек сыбана кірісуге әрдайым дайын тұрамыз», – дейді Гүлдана Орынғалиқызы.
Ауылдық округтың қадағалауымен барлық ұжымға кесте берілді. Сол бойынша кезегі келген ұжымдар өздерінің картоптарын суарып, айналасын тазалауда. Тіпті кейбір ұжымдар бақша суару кезінде ауызбіршілік танытып жорыққа (поход) шығады. Тәтті тағамдарын алып, бақшаға бір күнін арнайды. Жақсы емес пе? Бір жағынан өздеріне демалыс сыйласа, енді бір жағынан өздерінің жауапкершілігіндегі жұмыстарын атқарып келеді. «Екі қоянды бір оқпен аттық» деген осы-ау, шамасы.
Әсет Баян,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер