15.07.2021, 14:35
Оқылды: 16

Ауылды дамытатын әкім сайлансын

Биыл ауылдық округ әкімдерін сайлау өтеді. Осы жаздың маңызды саяси оқиғасы шілденің 25-іне белгіленіп отыр.

BF2FAA03-EE81-4FD0-BCD4-F33644BD26AB

Қазір ел ішінде сайлауалды науқан басталды. Бұл науқан ерекше өткелі тұр. Осы сайлауда ауылдық округ әкімдерін халық сайлайды. Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған маңызды қадамдардың бірі деп есептеймін.

Әрине, округ әкімдерін халық сайлағаны дұрыс. Себебі реформа жергілікті басқару жүйесіне қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертеді. Яғни ауыл тұрғындары өздерінің көңілінен шығатын және әлеуметтік талаптарын орындай алатын әкімін таңдайды. Соңғылары да жергілікті халықтың қолдауына ие болса, өзінен жоғары тұрған аудан басшысы алдында да белгілі бір саяси салмаққа ие бола алады.

Осы орайда айтарым, қазіргі халық алдында тұрған ең маңызды міндет - әкімді сайлаған кезде оның жеке басының қасиеттеріне мән беруміз керек, ауылды танитын, туған ауылына жаңашыр, мейірімді, әрі қарай дамытатын, көркейтетін білімді азаматтар сайланғаны нұр үстіне нұр болар еді.

Қарылғаш Тасанова,

Теректі ауданы, Аңқаты ЖОББМ директоры міндетін атқарушы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале