20.07.2021, 13:31
Оқылды: 65

Туған жерді түлеткен тұлға

Халқымызда «Нар жолында жүк  қалмас» деген қанатты сөз бар.  Сондай қатепті қара нардың бірі де, бірегейі де күні кеше пәниден бақиға  аттанған Әділғазы аға Нұрғазыұлы Нұрғалиев еді.   

E488DC7E-354A-49B1-9DBB-F1B736AD0C54

Әділғазы ағаның балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарында өтіпті. Көргендері ертелі-кеш жұмыс басында жүретін ауылдың кәрі-құртаңдары, торғай шырылдағаннан қас қарайғанша тыным таппайтын аналар, еститіндері сай-сүйегіңді сырқырататын азалы үндер, жылап-сықтаған бейшара жандар. Солардың арасында жалаң аяқ, жалаң бас, бірде тоқ, бірде аш жүріп, ертерек есейгенін өзі де сезінбей қалғандай.

Сол бір жылаулы, жадаулы кездерді бірге өткізген Қуан, Кәрім, Молдағали, Меңдіғали сынды замандастарынан өмір бойы қол үзген емес. Кейін өз қолы өз ауызына жеткеннен соң олардың бір қатарын қызметке қойып, қатар еңбек етті.

Жаңақала ауданының Пятимар ауылындағы кезінде маршал Буденныйдың есімімен аталған мектептен білім алған Әділғазы аға бірден Алматының зоотехникалық-малдәрігерлік институтына оқуға түсіп, оны үздік бітіріп, зоотехник мамандығын алып шықты.

Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 20 шілдедегі  №58 санынан оқи аласыздар.

 Закария  Сисенғали,

Қазақстан журналистер

одағының мүшесі,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале