17.06.2026, 18:00
Оқылды: 1

Ақжайықтық түлектерге «Алтын белгі» табысталды

Бүгін Ақжайық ауданында мектепті  «Алтын белгімен» бітірген түлектерге арналып «Жас түлек. Жаңа қадам. Жарқын болашақ» атты салтанатты шара өтті.

IMG_0207

Салтанатты шарада аудан әкімі Мұрат Сердалин он бір жыл мектепте үздік оқып, көптің мерейін асырған түлектерді, олардың ұстаздары, ата-аналарын, барша жиналғандарды құттықтап, сөз сөйледі. Биыл ауданда 421 түлек мектеп бітірсе, олардың 39-ы «Алтын белгі», 26-сы – «Үздік аттестат» иегерлері.

– Алдарыңызда жаңа мүмкіндіктер мен жауапты таңдау кезеңі тұр. Қай салада еңбек етсеңіздер де, алған білімдеріңізді ел игілігіне жұмсап, туған жердің дамуына үлес қосатын азаматтар болуларыңызға тілектеспін. Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болып, барлық сынақтардан сүрінбей өтіңіздер! Сіздерге зор денсаулық, толағай табыс, сәттілік пен жарқын болашақ тілеймін! Жолдарыңыз ашық, болашақтарыңыз баянды болсын! – деді аудан басшысы түлектерге арнаған өз сөзінде.

Аудан басшысы «Алтын белгі» иегерлері мен олардың ата-аналарына өзінің сый-сияпатын табыстады. («Алтын белгі» иеленген түлектердің есімдері газетіміздің алдағы нөмірінде жарияланады)

IMG_0201

Салтанатты шарада Ораз Исаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің түлегі Ескендір Дайырқұл ата-анасымен қосылып, «Ұстазым» әнін әуелетті.

Осыдан кейін еңбек ардагері Дәулетжан Жақсыбаев, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры Бағдагүл Ізбасарова, ата-аналар атынан Шоқан Мұсағалиев мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, аққанат арман жетегінде сәт сапар тіледі.

Түлектер атынан сөз алған «Алтын белгі» иегері, Абай атындағы мектеп-гимназияның түлегі Сабрина Махмет ұстаздар мен ата-ана, барша тілеулестерге зор алғысын жеткізді.

 

Рақым БЕРІКҚАЛИ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале