22.07.2021, 12:41
Оқылды: 14

Достық жамағаты қарызын өтей алмаған ауылдастарына көмектеспек

Құрбан айт – қайырымдылық мерекесі. Күллі мұсылман қауымының асыға күткен, ақ түйенің қарны жарылатын күн. Бәйтерек ауданы Достық ауылының жамағаты үш күн айтты қайырымдылыққа арнады.

baiterek

Мереке күндері ауыл жамағаты тұрғындар мен мұқтаж жандарға көмек көрсетті. Өзара қаражат жинап, оған азық-түлік себеттерін алған Достық ауылының жігіттері айттың алғашқы күні мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасаса, екінші күні ауыл балаларын тәттілермен қуантты.

-Ұлық мейрамды насихаттап, құрбан шалу дәстүрін жандандырып, қайырымдылық шараларын кеңінен ұйымдастыруға ниетті болған ауыл жамағаты бір апта ішінде 120 мың тенге қаражат жинады. Сондай-ақ ауылдың жомарт азаматтары қой беріп, ауыл маңында құрбан шалынды. 15 отбасыға азық-түлік қоржыны мен ет таратылды. Қалған қаражатқа Достық ауылының барлық балаларына тәттілер мен балмұздақтар берілді. Ендігі кезекте ауыл дүкендерін аралап тұрғындардың өтей алмай жүрген қарыздарын төлеуге көмектеспекшіміз, - дейді ауыл тұрғыны Мейрамбек Мажитов.

Мұқтаж жандарға көмек көрсету – ислам дініндегі маңызды міндет. Сол себепті аталған шара қоғамда қолдау тауып, ізгі ниетті жаңдарға үлгі болады деген ниеттеміз.

Аружан Аманжол

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале