Теректі ауданы Подстепный №1 ЖОББМ орналасқан №367 сайлау учаскесінде таңнан бері жұмыс қызып тұр. Ауыл тұрғындары жауапкершілікті нық сезініп, өз таңдауларын жасауға асығуда.
Ең алдымен, №367 Подстепный ауылдық округі сайлау комиссиясының төрағасы Жасұлан Шәкіров сөз сөйлеп, ауыл тұрғыны Ермек Жиенғалиұлы алғаш болып өз таңдауын жасады. Медицина қызметкерлері тұрғындардың кіре берістен дене қызуларын өлшеп, санитарлық нормаларды қатаң сақтауда.
№367 сайлау учаскесінде 2198 тұрғын таңдау жасамақ. Үйден дауыс берушілердің 58-і жасы келген қариялар болса, 2-уі мүмкіндігі шектеулі жандар.
Мейрамгүл Сәрсенғали,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz