Бүгін Казталов ауданына қарасты Жаңажол ауылдық округінің тұрғындары сайлау учаскесіне келіп дауыс беруде. Округте №245 Жаңажол сайлау учаскесінде 625 сайлаушы дауыс беруі керек. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Тілепберген Қонысовтың айтуынша, сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы белсенді. Жағдай бір қалыпты. Əзірге қандайда болмасын заңға қарсы əрекеттер тіркелмеген.
Нағым Ризуанов, Жаңажол ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- Бүгін округіміздің əкімін сайлау үшін дауыс беріп жатырмыз. Мен де өз таңдауымды жасадым. Биыл алғаш рет еліміз бойынша əкімдерді халық өзі сайлауға қол жеткізіп жатыр. Бұл өзін-өзі басқару институтының жақсы бір жетістігі. Барша округ тұрғындарын дауыс беруге шақырамын!
Қайрат Жақып,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz