Сайлау учаскелері есігін айқара ашқаннан Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі тұрғындары дауыс беріп, таңдау жасауға асығуда. Себебі халықтың таңдауынан кейін округте әкім анықталады.
Ақжайық ауылдық округіне қарасты Абай ауылында орналасқан №361 сайлау учаскесі бойынша 384 сайлаушы өз таңдауын жасамақшы. Сайлау учаскесінің төрағасы Талғат Бекесті сөзге тарттық.
- Сайлау ҚР сайлау туралы заңына сәйкес өтуде. Сайлау учаскесінде барлық санитарлық талаптар сақталған. Саяси партиялардан, өзге де топтардан байқаушылар қатысуда. Тұрғындардың белсенділігі қуантады. Яғни жерлестеріміз округіміздің тағдырына бей-жай қарамайды деген сөз. №361 сайлау учаскесінде сайлау әділ өтетініне төраға ретінде кепілдік беремін,-дейді Талғат Мағзомұлы.
Әділет Әлібек,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz