Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан саяси науқанда денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын тұрғындарға да барлық жағдай жасалуда. Күні бұрын жолданған өтінімдерге сәйкес жасалған тізіммен сайлау комиссиясының мүшелері үйлерді аралап, учаскеге келе алмайтындардан дауыс жинауда.
Айта кетейік, Ақжайық ауданы бойынша - 242, Бәйтерек ауданынан - 113, Жаңақаладан - 296, Қаратөбеден 135 адам үйден дауыс беруге жазылған.
Жасы үлкейген немесе денсаулығына байланысты жүріп-тұруға шамасы келмейтін қамкөңіл жандар өздерін ұмыт қалдырмай, саяси науқанға өз үлестерін қосуға жағдай жасаған комиссия мүшелеріне алғыстарын білдіруде.
Нұрбек Оразаев,
zhaikpress.kz