Сайлаудың әділ өтуін байқаушылар да қадағалап отыр. Қолда бар дерекке сүйенсек, Казталов ауданы бойынша сайлауға 17 байқаушы тіркелген. Олар сайлаудың әділ өтуін қадағалауда. Бақылаушылар қатарында тәуелсіз байқаушы Айнұр Болатова да бар. Ол сайлаудың әділ өтіп жатқанын атап өтті.
Айнұр Болатова, тәуелсіз байқаушы:
- Жуырда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Соған сәйкес 25 шілдеде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері сайлауында №258 сайлау учаскесінде бақылаушымын. Сайлау ережеге сай өз уақытымен басталып, жұмысы жалғасуда. Сайлаудың әділ өтуі үшін қырағылық танытып бақылаудамыз.
Ал дәл осы №258 сайлау учаскесінде байқаушы Күнсұлу Шакенаева мынадай пікір білдірді.
Күнсұлу Шакенаева, байқаушы:
- Еліміз бойынша тұңғыш рет ауылдық округ әкімін халық сайлайды. Халық бұл өзгерісті жақсы қабылдауда. Мен Казталов ауылындағы №258 сайлау учаскесінде бақылаушымын. Сайлау өз деңгейінде өтіп жатыр. Ауыл халқы ешқандай қысымсыз дауыс беруге келуде. Учаскеде барлық санитарлық талаптар сақталған. Келеңсіз жағдайлар байқалмайды. Халық дұрыс таңдау жасайды деп сенемін.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы