Бөрлі ауылының тұрғыны Гүлнар Жәутекованың бүгінгі саяси науқанға деген азаматтық ұстанымы нық. Сондықтан тарихи таңдаудан қалыс қалуды жөн санамапты.
- Бүгін елімізде үлкен сайлау. Бұл сайлау - бейбітшіліктің, келісімнің, бірліктің таңдауы. Болашағымызға жауапкершілікпен қарап, дауыс беруіміз керек. Біз бен сізде бар ортақ құндылығымыз, бейбітшілігімізді сақтап, кейінгі ұрпаққа сыйлау - ортақ парызымыз. Соның ішінде табиғаты әсем, халқының ауызбіршілігі сақталған, айрандай ұйып отырған ауылымыздың болашағы бізді алаңдатады. Балаларымыздың болашағы үшін өз таңдауымды жасадым.
Айым Ғабдылбарқызы,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz