Ел тарихында алғаш рет болған ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау аяқталды. Сағат кешкі 20.00-де барлық сайлау учаскелері жабылды.
Естеріңізге сала кетейік, Бәйтерек ауданында Зеленый, Чиров және Январцев ауылдық округтерінің әкімдері сайланды. Ол ауылдардағы сайлаушылар алты сайлау учаскесінде дауыс берді. Олардың екеуі Чиров және Зеленый ауылдарында болса, қалған төрт учаске Январцев ауылдық округіне қарасты елді мекендер мен округ орталығында болды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау ойдағыдай өткенін айтты. Ешқандай заңбұзушылық орын алмаған. Үш округте 2890 азамат дауыс беретін болған болса, олардың 2685-і өз таңдауын жасапты. Бұл дауыс берушілердің 92,9 пайызы сайлауға қатысты деген сөз.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz