26.07.2021, 17:24
Оқылды: 20

Әкімдер сайланды

25 шілдеде Бөкей ордасы ауданында өткен ауылдық округ әкімін тікелей сайлау қорытындысы мәлім болды. Т.Масин сайлау учаскесінде тіркелген 693 сайлаушының 629-ы өз дауыстарын берген. Бюллетеньдердің 7-уі  жарамсыз танылса, 5-уіне кандидаттардың бәрі де лайықты емес деп белгі қойылған.

5D5E7EB9-BAB2-48F4-B9AE-04DAAA6C95FC

Өзін-өзі ұсынған Айнұр Абдрешованы кандидатурасын жақтап 83 сайлаушы дауыс берсе, 529 сайлаушы "Nur Otan" партиясы атынан сайлауға түскен Меңдібай Қитановты әкім қызметіне лайық деп таныған.

Көпшіліктің қолдауына ие болған М.Қитанов Т.Масин ауылдық округінің әкімі боп сайланды. Саралжын сайлау учаскесінің тізіміне тіркелгендер саны - 615. Оның 557-сі сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасаған.

Бюллетеньдердің 11-і жарамсыз танылса, 6-уында "бәріне де қарсымын" деген белгі қойылған.

"Nur Otan" партиясы атынан сайлауға түскен Нарынбек Кереш  – 491, өзін-өзі ұсынған Жоламан Сисенғалиев 49 дауыс жинаған.

Сайлау қорытындысы бойынша көпшілік дауыспен Нарынбек Кереш Саралжын ауылдық округінің әкімі боп сайланды.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале