27.07.2021, 18:36
Оқылды: 32

Облыстық ән байқауының жүлдегері атанды

Жуырда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шыңғырлау аудандық мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Алтын бесік ауылым» атты облыстық ән байқауы өтті.

акан

Ақын, әуесқой композитор Қайрат Темірғалидің әндерін орындаушылар арасында өткен байқау онлайн режимде өткен. Оған Сырым, Қаратөбе, Бәйтерек, Бөкейорда, Тасқала, Жәнібек, Бөрлі, Теректі, Шыңғырлау аудандарының өнерпаздары қатысты. Аталмыш байқауда Бәйтерек ауданының намысын қорғаған аудандық мәдениет үйінің әншісі Ақан Жекеков жүлделі II орынға ие болды.

акан 1

-Шыңғырлаулықтар ұйымдастырған өнер жарысы өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу, әндерді кеңінен таныту мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушыларға ақын-композитор Қайрат Темірғалидің әндерін орындап, бейнебаян жолдау шарты қойылды. Аудан атынан өнер көрсеткен өнерпаз ретінде Мұқағали Мақатаевтың сөзі мен Қайрат Темірғалидің әніне жазылған «Шәмші қайда» әнін орындап, әділ-қазылар алқасының шешімімен II орынға ие болдым. Жерлес өнерпаздардың атын әйгілеп, әндерін дәріптеу біздің міндеміз,-дейді өнер додасында екінші орын иеленген Ақан Жекеков.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале