«Жасыл ел» – жаңақалалық жастар үшін еліне, туған жеріне үлес қосып, тіпті жазғы демалыс уақытында тынбай еңбек етіп, табыс табудың мүмкіндігіне айналды.
Маусым айында «Жасыл ел» еңбек жасағының маусымы басталып, сарбаздар туған жерін гүлдендіру мен көгалдандыру бағытында еңбек етуде.
Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жаңақала ауданы бойынша «Жасыл ел» еңбек жасағында жуырда I маусым сарбаздарының жұмыстары аяқталып, II маусым сарбаздарының еңбек маусымы басталды.
Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Қобыланды Сапиуллиннің айтуынша, «жасылелдіктер» саябақтар мен көшелерді тазалап, ауыл ішін абаттандырумен айналысады. Сондай-ақ жастардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында қосымша түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.
Толығырақ аудандық «Жаңарған өңір» газетінің №30 санынан оқи аласыздар
Жаннұр Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz