2.08.2021, 11:45
Оқылды: 64

Оралда жас сарбаздар онлайн режимінде ант қабылдады

Орал шаһарындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінде 200-ге жуық жас сарбаз ант қабылдады.

IMG_0052

Әскери ант қабылдаған күн әрбір әскери қызметші үшін олардың өміріндегі ең маңызды күндердің бірі. Елдің қауіпсіздігі мен аумақтың тұтастығы әскер қатарына алынған әрбір азаматтың өміріндегі ең маңызды қадамдарының бірі – әскери ант қабылдау рәсімі. Әскери ант қабылдау дәстүрі тарихи жағдайларға, ұлттық болмысына қарай әр елде әрқалай өтсе де олардың бәрінің мақсаты – Отан алдындағы борышын өтегелі тұрған жас сарбаздан серт алу.

Ант қабылдау рәсімі елімізде жүріп жатқан індетке байланысты барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, онлайн режимінде өткізілді.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған сарбаздардың ата-аналары мен туған туыстары үшін әскери ант қабылдау рәсімі 5517 әскери бөлімінің Instagram парақшасының тікелей эфирінен көрсетіліп, балаларының әскери ант қабылдау рәсімін тамашалауға толықтай жағдай жасалынды.

Бір айдан астам уақыт ішінде бөлім басшылығы мен офицерлердің тәлім-тәрбиесін, сержанттардың ерен еңбектерін бойларына сіңіріп, әскери өмірдің сыр-сипатымен таныс болған 5517 әскери бөлімінің сарбаздары белгіленген алты нүктеде әскери анттың мәтінін жігерлене оқып жатты.

Әскери ант қабылдау рәсіміне арналған мерекелік шараны 5517 әскери бөлімінің командирі, подполковник Антай Ербол Мағжанұлы құттықтау сөзбен ашты.

-Құрметті жас сарбаздар, сіздер бүгін ел алдында әскери ант қабылдап, Отан қорғаушылардың қатарына қосылғалы тұрсыздар. Елімізді, Отанымызды қорғау – әрбір азаматтың ең қасиетті борышы. Ал әскери ант қабылдау дегеніміз өз Отанына, Қазақстан Республикасының халқына, және заңды түрде сайланған Президентіне ақтық демі қалғанша адал қызмет ету деген сөз. Бүгіннен бастап сіздерге жауапкершілігі мол, маңызды міндеттер жүктелгелі тұр.

Мен осы бөлімнің командирі ретінде сіздерге жүктелген жауынгерлік тапсырмаларды адал да абыроймен атқаратындарыңызға толықтай сенемін,- деді бөлім командирі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жөніндегі орынбасары, полковник Павел Ситников шағын баяндамасында Батыс құрамасының құрылу тарихы мен атқаратын міндеттері хақында қысқаша айтып өтті. Әскери ант қабылдау салтанатының әрбір жауынгердің өмірінде ерекше орын алатынына тоқталды. Сарбаздарды айтулы күнмен құттықтады.

Іс-шара әрі қарай жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімімен жалғасып, шара соңында жас сарбаздар «Атамекен» әнін орындады. Бұл ән Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде және Ұлттық ұланы сапында жауынгерлердің рухын оятар патриоттық ән ретінде кеңінен танымал.

Капитан Әубәкір Ертуған,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале