ҚазИИТУ ғылыми-білім кешені, Орал қалалық жастар ресурстық орталығы және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Хан ордасында "Білімділер додасы" өтті.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, Бөкей хандығының 220 жылдығына арналған шарада облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының, "Ақжайық" телеарнасының, музей қорығының, аудан жастарының командалары білімдерін сынға салды.
Ойын 6:3 есебімен көрермендер пайдасына шешіліп, қосымша уақыт берілді. Нәтижесінде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының командасы үздік танылды.
Ұлпан Әнуарқызы,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz