3.08.2021, 19:00
Оқылды: 1291

Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен кездесу өтті

Бүгін Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

614DB98B-084E-4501-8CA1-1647903904F4

  Кездесуге БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысты.

      Жиынның негізгі мақсаты – ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру болып табылады. 

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені жұртшылықтың кең қатысуымен сүйемелденуі тиіс. Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа табысты қарсы тұруға мүмкіндік береді. Қоғамның қолдауынсыз жоғарыдан жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар ішінара нәтиже береді. Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал адалдық пен сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс. Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың мінеуі болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.        

 Сонымен қатар бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

    Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале