5.08.2021, 16:44
Оқылды: 39

Оралда «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2021 жылғы 17 тамызда сағат 15:00-де «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-ның электр энергиясын бөлшек саудада шекті бағасының алдағы көтерілуі туралы ұсынылған өтінімді қарау бойынша жария тыңдау өтетінін хабарлайды.

97603CA0-982B-447E-896B-7E764720F59B

 

Жария тыңдау мына мекенжайы бойынша өтеді: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Назарбаев данғылы,177, 3-қабат.

Облыстағы карантиндік режимді ескере отырып, «COVID-19» коронавирустық инфекциясын таратпау мақсатында Орал қаласының тұрғындары және өзге де мүдделі тұлғалар «ZOOM» қосымшасы арқылы онлайн режимінде Жария тыңдауға қатыса алады (https://zoom.us/j/92367759342?pwd=RVE4N2tZUWlVTW9WbjEwcHp4UHk0Zz09, конференция идентификаторы: 923 6775 9342, кіру коды: wih4Su ) және Департамент басшысының Facebook-тегі ресми парақшасында (https://www.facebook.com/profile.php?id=100058998086180).

Жария тыңдауға қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша немесе «FACEBOOK» қосымшасында іздестіруге басшының аты Алмас Отаровты енгізу қажет.

Кез келген адам онлайн режимде өз сұрақтарын қоя алады және оларға жауап ала алады.

Уәкілетті органның байланыс телефоны: 8 (7112)250383.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале