Қызылорда облысы Шиелі ауданында қазақ күресінен 2006-2007 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында Бала би баба атындағы турнир өтуде.
Еліміздің он бір облысынан келген жас бозкілем шеберлері бәсекесіне облыс құрамасы сапында аттанған бәйтеректік Ғалымжан Ергашев жақсы нәтиже көрсетті.
70 келіде боз кілемге шыққан дарияндық өрен финалға дейін алқынбай жеткенімен, ақтық бәсекеде қарсыласына жол берді. Десе де Фарид Сәпиевтің қол астында жаттығатын Ғалымжан үшін бұл үлкен жетістік.
Жетінші тамызға дейін созылатын бәсекеде Ғалымжаннан бөлек Жандарбек Сүндетов атты палуанымыз боз кілемге шықты. 55 келіде өнер көрсеткен оралдық өрен турнир жеңімпазы атанды.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz