6.08.2021, 23:06
Оқылды: 51

Нұр құйған шәкірттердің жүрегіне

Ең алғашқы ұстазың имене басып мектеп табалдырығын аттаған кезде сені мейіріммен қарсы алған адам. Қолыңа қалам ұстатып, санаңа білім нәрін сепкен жан. Ол әр адамның санасында мәңгілік сақталатын һәм өмірінің соңына дейін бас иіп өтетін қасиетті де ардақты тұлға. Сондай қадірлі жанның бірі менің алғашқы ұстазым – Гүлбарам апайым еді...

FC308B3B-5AB2-455C-B427-B77D170E0E95

Мен секілді кішкентай шәкірттерінің жүрегіне бойындағы бар жылуын төккен, санамызға білім дәнін еккен, жақын жандарымның біріне айналған ұстазым есімнен ешқашан кеткен емес. Ол кісінің орны бөлек еді. Білім алдық, оқыдық, өстік, қызмет қылдық. Соның бәріне марқайып жүруші еді. Күнде көріп, хал-жағдайын білмесемде, апайым менің жүрегімде еді. Көрген кезде күліп амандасып, арқамнан  қағып бойыма жігер мен сенім ұялататын. Ұстазым туралы мақала жазуды жөн көрдім. Мүмкін бұл мақала арқылы мен сияқты жүздеген шәкірттері сағыныштарын басар.

Шығыстың бір ойшылы: «Менің ең бірінші өмірге келуіме себепкер болған ата-анам, ал сол өмірде қанатымды қатайтып, өмірдің қиясына самғауға, ғұмыр-дарияда өз орнымды табуға себепші болған – ұстаз» деген екен. Әр адамға ең алғаш әріп танытып, қалам ұстатқан мұғалімінің орны ерекше болары сөзсіз. Мен өзімді ұстаздан жолы болған адам деп есептеймін. Таңнан қара кешке дейін алаңсыз ойын ойнайтын уақыт тәмамдалып, мектеп табалдырығын аттайтын да сәт жетті. Ақылбек ағам қолымнан жетектеп, бірінші сыныпқа апарды. Орта бойлы, көзінен мейірімі көрініп тұратын, ұстаздық қызметте сан жылдық тәжірибесі бар Гүлбарам апай бірінші сыныпқа қабылданған біздерді жылы жүзбен қарсы алды.

 Толығырақ «Жаңарған өңір» газетінің №31 санынан оқи аласыздар.

 Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале