6.08.2021, 23:10
Оқылды: 42

Алтын құрсақты ананы қабылдады

Ана – кез келген әрбір адамның ең жақыны, жанашыры һәм қадірлісі. Жарық дүниеге сәби әкеліп қана қоймай, оған тағылымды тәлім-тәрбие, мейірім махаббатын төгеді. Қазақ халқы ежелден отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Жас та болса, көпбалалы ана атанған батыр аналар Жаңақала ауданында да баршылық.

9CBD32F8-E744-4B00-B293-224032FA524C

Жақында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 3 шілдедегі Жарлығы бойынша Көпжасар ауылдық округінің тұрғыны, 6 баланың анасы  Ә.Абуғалиеваға «Күміс алқа» табыс етілді. Осыған орай Көпжасар ауылының әкімі Нұрбол Серікұлы ел демографиясының өсуіне өз үлесін қосқан алтын құрсақты ана Ә.Абуғалиеваны қабылдап, отбасына береке, бақыт тіледі.

Жаннұр Хайрушева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале