9.08.2021, 11:06
Оқылды: 29

Бәйтеректік спортшылар "Ақ бидайда" үшінші орын иеленді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық тойымен қатар өтіп жатқан «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарының облыстық кезеңі басталды. Пандемия кесірінен өңіріміздің әр ауданында өтіп жатқан спорт бәсекелерінің біразы қорытындыланды. Орал қаласында өткен шағын футбол жарысында бәйтеректік ойыншылар төртінші орыннан көрінсе, ауданның тоғызқұмалақ шеберлері алтыншы орынға тұрақтады.

н теннис (1)

Сонымен қатар үстел тенисінің шеберлері де мықтыны анықтады. Облыстың барлық аудан командалары атсалысқан жарыс тартысқа толы болды. Нәтижесінде Бәйтерек ауданының намысын қорғаған ойыншылар жалпыкомандалық үшінші орынға тұрақтады.

Қызықты ойындар нәтижесінде жекелей өнер көрсеткен Татьяна Тюрина әйелдер арасындағы сында үшінші орын иеленсе, ерлер арасындағы жекелей бәсекенің көркін қыздырған Николай Штык алтыншы орынды қанағат тұтты.

н теннис (2)

Одан бөлек теннисшілер командалық бәсекеде де сынға түсті. Бұл ойындар қорытындысында ерлер төртінші орын иеленсе, әйелдер құрамасы үшінші орынға орнықты.

– Жалпы үстел теннисі бәсекелері жақсы ұйымдастырылды. Нәтиже көңіл қуанарлық. Ерлеріміз де соңына дейін таласты. Бірақ сәттілік жетіспеді. Біздің команданың бір мүшесі облыс құрамасына үміткер атанды. Ол да қуанарлық жағдай, – дейді команда жетекшісі Руслан Мурзағалиев.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале