Сырым ауданы, Жымпиты ауылында өткен «Ақ бидай» VII облыстық ауыл спорты спартакиадасында Жаңақала ауданы спортшылары қатысып, он екі ауданның ішінен суырылып шығып орын алып келді.
Бәсекеде ерлер асық атып жарысса, әйелдер жағы бес асықтан сайысқа түсті. Ереже бойынша әр командадан үш ойыншыдан қатысып, өздерінің ептіліктерін, көз мергендігін, дәлдігін, жылдамдығын танытуға ұмтылды. Тартысты ойынның нәтижесінде Жаңақала ауданының құрамасы командалық есепте әйелдер арасында бес асық ойынынан жүлделі III орынға ие болды.
Жаннұр Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz