11.08.2021, 12:42
Оқылды: 47

Жауапкершілік сәтті сапарға жол ашады

Бүгінгі күннің басты жаңалықтарына айналған проблемалардың бірі – жол көлік оқиғасы. Қазақстанда ғана емес, дүниежүзі бойынша жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан болатын өлім мен жарақат фактілері азаймай отыр. Осы мәселеге Президент Қ.Тоқаев ерекше көңіл бөліп, заң бұзушыларды қатаң жазалауды тапсырды. Дегенмен, айтарлықтай нәтиже көрініп тұрған жоқ. Көлік құралын басқару – үлкен жауапкершілік. Себебі әр адамның өмірі сіздің қолыңызда. Жол қозғалыс мәдениеті айтарлықтай төмендеп кетті. Қуанарлық жағдай емес. Бұл жағдай адам өмірі мен қоғам тыныштығына қауіп төндіріп қана қоймай, мемлекеттің алға жылжуына да кері әсер ететіні белгілі.

Мас 2

ЖКО-ға негіз болатын себептердің бірі – жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруі.

Мысал ретінде Ж. есімді азамат түнгі сағат 21:45 шамасында үйінен дүкенге «Audi» маркалы автокөлігін масаң күйде басқарып, жол-көлік полицияларына ұсталып қалады. Құқықбұзушыға қатысты ӘҚБтК-тің 608-бабының 1-бөлігімен қозғалған іс бойынша оның автокөлікті алкогольдік масаңдану күйінде жүргізгені туралы хаттама толтырылған. Алғашқы берген түсніктемесінде құқықбұзушы Ж. бір бөтелке сыра ішкендігін, көлік құралын алкогольдік масаңдану күйінде басқарғанын мойындады. Медициналық куәландыру қорытындысымен келісті. Тасқала аудандық сотының қаулысымен құқықбұзушы ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігімен он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынып және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Осылайша, Тасқала аудандық сотымен Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды. Іс материалдарына сай, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, алкогольдік масаң күйде «Toyota» маркалы автокөлігін басқарып келе жатырған А. есімді азамат полиция қызметкерлеріне ұсталды.

Тексере келе бұдан бұрын сотталушы ҚР ӘҚтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әкімшілік жаза ретінде 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Сот отырысында сотталушы кінәсін толықтай мойындады. Тасқала аудандық сотының 2 сәуір 2021 жылғы үкімімен А. есімді азамат ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу тек құзырлы құрылымдардың жұмысы емес. Бұл бүкіл ел болып атсалысатын, қоғам болып ойланатын іс. Ішімдік іштің бе, көлікке отырма! Сіздің кесіріңізден, жауапкершілігіңіздің жоқтығынан қаншама отбасы қара жамылып жатыр. Сізді жылаған сәбидің дауысы тебірентпейді ме? Әрбір жанды үйінде жақын жандары күтіп отыр. Сондықтан жауапкершілікті сезіне білейік. Өзіңнің өміріңді де, өзгенің өмірін де ойлағаның абзал. Қара жолда орын алатын қайғы көп. Рульді тізгіндеген жүргізуші жолаушылардың амандығы мен жауапкершілігін сезініп, жол ережесіне бағынса, қауіптің алдын алар еді?!..

 

Г.Ғабдрахим,

Тасқала аудандық сотының жетекші маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале