11.08.2021, 15:08
Оқылды: 15

Тасқалада кеңес отырысы өтті

Жақында Тасқала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында қоғамдық кеңес төрағасы Бақтығұл Тасмағанбетовтың төрағалық етуімен қоғамдық кеңес отырысы өтті.

000

Кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасары Аян Халауедин, аудандық мәслихат хатшысы Жанар Бисенғалиева, қоғамдық кеңес мүшелері, бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары туралы, Тасқала ауданының елді мекені аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы, Тасқала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсанындағы №55-2 «2021 -2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, «2020 жылғы 25 желтоқсандағы №56-1, №56-2, №56-3, №56-4, №56-5, №56-6, №56-7, №56-8, №56-9 «2021-2023 жылдарға арналған Тасқала аудандық ауылдық округтерінің бюджеті туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы, Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсетуі туралы, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы мәселелер қаралды.

Алғашқы екі мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Самиғолла Шүкүров баяндама жасаса, одан кейінгі екі мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Людмила Тастембекова өз ақпаратын ұсынды. Бесінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бәтима Кентугаева баяндады.

Кеңес отырысы барысында мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

Б.Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале