13.08.2021, 9:43
Оқылды: 66

Орал қалалық көпбейінді аурухана

Еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл 30 жыл. Осы аралықта ел экономикасы едәуір дамып, әлеуметтік нысандар мен кешендер салынды. Әсіресе, денсаулық сақтау саласын ерекше атауға болады.

i (3)

Тәуелсіздік жылдары облысымызда жүздеген аурухана мен емханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер бой көтеріп, тұрғындардың денсаулығы  жақсарып, сапалы емдеу іс-шаралары қолға алынды. Ел игілігі үшін пайдалануға берілген медициналық нысандардың бірі – Орал қалалық көпбейінді ауруханасы.

Ол Елбасының «100 аурухана, 100 мектеп» бағдарламасы аясында 2016 жылы салынған болатын. Ауруханада нейро-инсульт орталығы, жалпы терапиялық, травматологиялық, политравма-нейрохирургия, гинекологиялық, әйелдер босанатын және басқа де бөлімшелер жұмыс жасайды. Аурухана Ресей, Германия, Италия, Жапония елдеріндей жетекші фирмалардың құрылғыларымен жабдықталған. Ғимараттың жалпы алаңы – 54 мың шаршы метр. Емдеу мекемесі сегіз негізгі және бес көмекші корпустардан тұрады. Қазандық, ас әзірлейтін блок, кір жуатын орын, гараж, оттекті блок және электр қуаты айырылған жағдайға арналған дизельді электрлі блок орналасқан.

Медициналық ұйымның басты міндеті – сапалы емдеу шаралары арқылы тұрғындардың денсаулығын нығайтып, өмір сүру жасын ұлғайту және ана мен бала  денсаулығына жіті назар аудару. Сондай-ақ  онкологиялық,  жүрек-қан тамыры ауруларынан болатын өлім-жітімді азайту.

Гүлім Ақап,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале