16.08.2021, 9:34
Оқылды: 65

Теректіде су жорығы бастау алды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Конституция күніне орай Теректі аудынында су спортын дамыту мақсатында мекеме және ұйым қызметкерлері арасында спорттық-танымдық су жорығы ұйымдастырылды.

 ЖОРЫК3

Аталмыш шараны ұйымдастырушылардың қатарында Теректі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы болды.

Жорық екі күнге созылып, Төңкеріс ауылы маңынан Жайық өзені арқылы бойлап, Қабылтөбе ауылында аяқталады.

ЖОРЫК2

Шараның ашылу салтанатына Теректі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Рауан Сатыбалдиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

- Теректі ауданында тәу етер Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай бірқатар шаралар өз деңгейінде өтіп жатыр. Бүгінгі су жорығы да ауданымызда су спортын насихатауға бағытталған маңызды шараның бірі. Жорыққа қатысушылар Жайық өзені арқылы жүзіп өтіп, Теректінің тылсым табиғатына қанығатын болады. Сонымен қатар, табиғат кереметтерін көзбен көріп, тың ақпараттармен сусындайды. Бұл жорық салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған кешенді шаралардың бірегейі деп білеміз, - деді Рауан Таңатжанұлы өз сөзінде.

ЖОРЫК1

Жорыққа қатысушылардың ішінде туризм саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер және мәдениет саласының өкілдері бар.

 

Әділет Әлібек,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале