16.08.2021, 15:36
Оқылды: 45

Жәнібекте шөптің шығымы мол

Жуырда Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев пен аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешев Борсы, Талов, Тегісшіл ауылдарына барып қайтты. Олар шабындықтарды аралап, шаруалардың жұмыс барысымен танысып шықты.

568d4ad3-6bdb-4e07-a831-878ade6c6ae3

- Маусым айы жаңбырлы болып шөп шабу науқаны жай басталды. Бұрын мамыр, шілде айларының аяғында басталып кететін. Биыл шаруалар мал азығын алдымен өздеріне жинап алып, кейін саттыққа шығаруды көздеп отыр. Бірқатары қор жинап болып, тұрғындарды да қамтамасыз етуде. Сондықтан тұрғындарға уайымдайтын ештеңе жоқ. Көпшілігі қыркүйекте жаңбыр болып шөп шабылмай қала ма деп қорқуда. Ол да дұрыс шығар. Дегенмен биыл шөптің шығымы былтырғыға қарағанда өте мол, - дейді шаруалармен тілдесіп қайтқан Асхат Хамитұлы.

8e8ad4cf-63f7-4d18-8b4a-878fbb2d0555
Борсы ауылдық округі бойынша 38 шаруа қожалығы бар. Қазіргі таңда соның 19-ы және 3 жеке тұрғын шөп шабуда. Ауыл тұрғындарының көп бөлігін «Ақжол» шаруа қожалығы шөппен қамтуда. Сонымен қатар «Марал», «Инабат», «Ерсайын», «Хамен» және т.б. қожалықтар өз жұмысшыларын және тұрғындарды қамтамасыз етіп отыр. Шөп бағасы барлығында да бірдей. Орама шөп (руллон) – 3500 теңге, бума шөп (тюк) – 350 теңгеден. «Ақжол» шаруа қожалығының басшысы Мейірбек Наурызәлиев күні бүгінге дейін ауыл тұрғындарына 15 мыңдана бума шөп (тюк) сатып, өзіне 4 мың данасын жинаған.
Талов ауылдық округі бойынша 15 шаруа қожалығы шөп сатумен айналысуда. Бүгінгі таңда «Аманат» шаруа қожалығының басшысы Амангелді Суналиев 10 мың данадан аса бума шөп қысқы мал азығын жинап алды. Енді ауыл тұрғындарына сатуға әкелмекші. «Темір» шаруа қожалығының басшысы Марат Иманбаев та қысқы мал азығын толығымен жинап алды. Қалған шаруа қожалықтары да шөп қорын жинап болғаннан кейін, артылғанын сатуға шығаратын болады.

Б.Серіков,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале