Бәйтерек ауданында да бүгінгі таңда «Қару-2021» жедел профилактикалық іс шарасы өтуде. Іс-шара қоғамдық тәртіпті сақтау, атыс қаруын қолданып жасалатын қылмыстың алдын алу, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасау мақсатында жүргізілуде.
Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу үшін полиция қызметкерлерінен арнайы жұмыс тобы құрылып, ішкі істер органдарында тіркелген аңшылық қару мен өзін-өзі қорғау қаруларын сақтау ережелерін бұзылмауын қадағалап жүр. Сонымен қатап тұрғындардың қару құжаттарын уақытылы рәсімдеуі де тексеріледі.
- Профилактикалық шара шеңберіндегі тексеріс кезінде ауданға қарасты Кожевниково ауылындағы шаруа қожалығын тексеру кезінде Приурал полиция бөлімінің, учаскелік полиция инспекторы А.Мұханбетқалиев Д. есімді ауыл тұрғынынан тіркелмеген қару тауып, тәркіледі. Д-ға ӘҚБтК-нің 482-бабы ішкі істер органдарында тіркелмеген, газды қаруды және оның оғын, сол сияқты электрлік, пневматикалық қаруды заңсыз сақтау, беру, өткізу, алып жүру, тасымалдау бойынша әкімшілік іс қозғалды, - дейді жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция майоры Азамат Жумагулов.
Полиция бөлімі аудан тұрғындарын қару құжаттарын уақытылы рәсімдеп, заң бұзушылыққа жол бермеулерін сұрайды.
Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz