«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы институтын зерттеу орталығы Отбасы күніне арналған республикалық бейнероликтер онлайн-конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Биыл мереке еліміз бойынша 12 қыркүйекте атап өтіледі.
Бейнероликтердің онлайн-байқауы екі бағыт бойынша өтеді:
⠀ 1.«Отбасылық дәстүрлер қобдишасы» отбасылық дәстүрін үздік көрсетуге арналған бейнеролик.
⠀ Байқау 2021 жылдың 9 тамызы мен 9 қыркүйегі аралығында өтеді.
Конкурс шарттары:
Қатысу үшін Сіз 1-3 минуттық бейне жариялауыңыз керек, онда Сіз өзіңіздің отбасыңыз туралы айтып, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасылық дәстүрді ұсынуыңыз қажет немесе балаларға арналған ертегі айтуыңыз керек.
#Kiorotbasy2021 # kiorсемья2021 хэштегімен жарияланған барлық бейнелер @ kiorotbasy2021 instagram парақшасында жарияланады. Жеңімпаздардың жүлде қоры әр бағыт бойынша 100 мың теңгені құрайды.
⠀ Жеңімпаздар 2021 жылдың 10 қыркүйегінде онлайн-дауыс беру негізінде, @ kiorotbasy2021 instagram парақшасында бейнероликтерге басылған лүпіл санына байланысты анықталады.
ҚҚДИ# КИОР# Рухани жаңғыру#QAZAQSTAN##Kiorotbasy2021 # kiorсемья2021
zhaikpress.kz