17.08.2021, 17:04
Оқылды: 21

110 мың тоннадан астам мал азығы дайындалған

Теректі ауданы бойынша 267, 90 мың гектар жер шабындыққа берілген. Күні бүгінге 172 мың гектар жердің шөбі шабылған. Гектарынан 6,4 центнер орташа түсіммен 110,263 мың тонна қатты азық дайындалған. Жоспар бойынша қолдағы мал қыстан қиналмай шығуы үшін 200 мың тоннадан астам табиғи шөп қажет көрінеді. Яғни, қажетті мөлшердің жартысынан астамын жинап алған.

 сенокоссс

Әсіресе, шабындыққа берілген 13 мың гектар алқаптың 9800 гектарын шауып алған богдановкалықтардың қимылы әбжіл. Қыстауға қажетті 7800 мың тонна шөптің 6100 мың тоннасын қазірдің өзінде дайындап алған. Шөп түсімі өзге округтерге қарағанда төмен, гектарынан орта есеппен 6,2 центнер болғанымен, межелі азық жинап алуға ұмтылыс бар.

Аудан бойынша шөп шығымы Новопавлов округі аумағында жоғары көрінеді. Гектарынан 8 центнер шөп шапқан шаруалар қазір 3 мың гектардай алқаптан 2400 мың тонна шөп шауып алған. Бұл шабындықтың тек 23 пайызы ғана көрінеді. Ендеше, новопавловтықтарға қимылды қыздырып, шөбі мол жерді игеріп алу керек-ақ.

 

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале