18.08.2021, 14:53
Оқылды: 67

Диқаншылар қызу кірісті

Тасқала – егін шаруашылығымен айналысып отырған аудандардың бірі. Жаздың аптап ыстығына қарамай диханшылар сайын даланың төсінде еңбек етуде. Жер-ананы күтіп баптап, жерден жеміс күтетіндер үшін биылғы жыл аса жаман емес секілді. Осы тұрғыда ауыл шаруашылығы саласының мамандары биылғы егістік алқабының жағдайымен танысты.

Диқаншылар қызу кірісті (2)

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Аян Халауедин, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Самиғолла Шүкіров, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сәлімгерей Ғаббасов ауыл-аймақты аралап, қазіргі таңдағы егіннің шығымына көз жеткізді. Сала мамандары алдымен Қосшы, Мерей, Ақтау, Достық және Атамекен ауылдық округтерінде болып, ондағы егістік алқапты көрді.

Сонымен қатар ұжымдық бау-бақшалардың қазіргі жағдайымен де танысып қайтты. Бүгінде егіннің шығымы 7-8 центнердің шамасынан аспай тұр.

– Барлығыңызда бір кісідей еңбектеніп жатырсыздар. Егін егу мен оны уақытында орып алу оңай шаруа емес. Десек те барлық қолдарыңызға алған шаруашылықты дер кезінде орындаңыздар. Дала өртінен сақ болуға шақырамын. Сақтық шараларын қолға алып, әрдайым қадағалап жүруге кеңес беремін. Әсіресе, егістік алқап пен шабындық жерлерде абай болған жөн. Қазіргі уақытта шауып алу науқанын жүргізіп жатқандықтан барлық шаруалардың ісіне береке берсін! - деді аудан әкімінің міндетін атқарушы Аян Халауедин.

Осы орайда аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың 10 тамызында күздік дақылдарды жинау жұмыстары толықтай аяқталды. Негізінен жиналатыны – 5403 гектар. Соның ішіндегі жиналғаны – 5003 гектар (400 гектар есептен шығарылды). Егістерден түскен астық көлемі –3020 тонна, орташа түсім әр гектардан – 6,0 цен/га (соның ішіндегі күздік бидай – 3803 га, орташа түсім–6,0 цен/га, ал түскен астық – 2300 тонна). Күздік қара бидай жиналғаны 1200 гектарды құраса, ал орташа түсім 6,0 цен/гектар түскен. (астық 720тонна). Жаздық дақылдарының егіс жинау барысы астық түсімі, соның ішіндегі арпа 5456 гектардан бүгінгі күнге жиналғаны 3360 гектар (61%), орташа түсімі 8,7 центнерден. 2950 тонна астық алынды. Жаздық бидай егістерінің жиналатыны – 9384 гектар. Бүгінгі күні жиналғаны – 1570 гектар (17%). Орташа түсім 7,0 центнер әр гектардан, жиналған астық – 1100 тонна. 190 гектардан дәндік кұмай (сорго зерновая). Егін ору жұмыстары басталмағанын мәлімдейміз. Майлы дақылдардың егілген көлемі – 12195 гектар. Соның ішіндегі күнбағыс – 4720 га, максары (сафлор) егіс көлемі –7475 гектар. Бүгінгі күні майлы дақылдардың егіс көлемі жиналмағанын мәлімдеді. Егін орғыш комбайындардың саны – 19 дана, тасмалды техниканың (машиналармен тракторлар) саны – 41 дана.

Орынбек Насимуллин,

Мерей ауылдық округінің әкімі:

- Мерей ауылдық округінде далалық егін егу науқаны қызу жүруде. Ауылдық округ бойынша жалпы 24 шаруа қожалық егіншілікпен айналысады. 2021 жылғы күздік дақылдар көлемі – 2000 гектар (2020 жылы – 2350 га). Соның ішінде күздік бидай 1780 гектарды құраса, күздік қара бидай – 220 гектар. Жазғы егілетін жоспар – 4585 гектар. Өткен жылы 2020 жылы 4337 гектарды құраған. Соның ішінде жаздық бидай – 2831 га, арпа – 1460 га, сұлы – 144 га, дәндік құмай 150 гектарды құрады. Майлы дақылдар көлемі – 4575 га (2020 жылы 4765 гектар болған). Соның ішінде күнбағыс – 1265 га, мақсары – 3310 га. Мал азық дақылдары – 3261 гектар (2020 жылы 892 га). Соның ішінде біржылдық шөптер – 380 га, көпжылдық шөптер – 420 га, былтырғы егілген шөптер – 2461 га. Округ бойынша 50 шаруа қожалық шөп шабу науқанына қатысуда. Қазіргі уақытта мал ұстайтын тұрғындардың 90%-ы шөппен қамтылды. Жалпы шабылғаншөп көлемі 11437 тоннаға жетті. Шөп жинауға 58 трактор, 116 орақ және 90 адам қатысуда.

Хафиз Ахметов,

Достық ауылдық округінің әкімі:

- Жалпы 5928 гектар егістік алқап, соның ішінде арпа, бидай, қысқы бидай және қара бидай. Жалпы көктемгі дәнді-дақылдарды жинап алдық. Өнім алуымыз шамамен 8-9 центнердей болады. Өзімізге көп пайдасын тигізер ауылымызға картоп ектік. Ауылда ағайынды Мамбетовтер екі қожалық бірігіп, шаруалап отыр. Егістік шөптері, малды колдарына алып, жалпы ауыл жігіттерін жұмыспен камтып отырған азаматтар.

Диханшылар аптап ыстыққа қарамай, сайын дала төсінде тынымсыз еңбек етуде. Ала шаңды бұрқырата жарысқан комбайншылар да әзірге тынышталар емес. Қамбаны бидай мен арпаға толтырмай тыншымайтын еңбек адамдарына қызыға қарайсың. Орып алу науқаны аяқталғаннан кейін келер жылға жерді дайындау науқаны жалғасады. Жұртымыздың тоқшылықта болуы осындай үздіксіз тірліктің арқасы деп білеміз.

 

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале