18.08.2021, 15:26
Оқылды: 65

Ауылішілік жол жөнделуде

Осы кезге дейін Бәйтерек ауданына қарасты Железнов ауылына барар жол мәселесі көпшілікті алаңдатып келген-ді. Ол сұрақтың жауабы оң шешімін тапты. Одан бөлек, ауыл тұрғындары елді мекен ішіндегі көшелерге жол салынса деген тілектерін де білдіріп жүрді. Биыл аталған мәселе де шешілмек.

 IMG_6368

Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Железновтағы ауылішілік жолдар жөнделуде. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен түскен мәліметке сүйенсек, аталмыш жұмысқа 70 миллионнан астам қаражат бөлініпті. Бүгінде қаражат игерілуде. Ауыл ішіне салынады деп жоспарланған 3,3 шақырым жолдың 2,2 шақырымы аяқталған. Енді ел ішінде ескі ауыл атылып кеткен бөлік пен айналып кірер жолдың жөнделетін жері ғана қалыпты.

IMG_6356

- Ауылішілік жолдарымыздың сын көтермегені рас. Биыл қаражат бөлініп, жұмыс басталды. Асфальт төселгеніне көпшілік разы. Елді мекен ішіндегі жолдардың жобалық-сметалық құжаттарын жасауға қолдау білдірген «Киргенев» шаруа қожалығының басшысы, белгілі меценат Қайыржан Есенгелдіұлына ел атынан алғыс білдіргіміз келеді, - дейді ауылдық округ әкімі Ербол Сидағалиев.

Бұдан бөлек, округке қарасты Новенький ауылына барар жолды жөндеу жұмыстары да алдағы уақытта басталады. Сондай-ақ жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа ауыл ішіне спорт алаңы салынуда.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале