19.08.2021, 17:28
Оқылды: 33

«Айқанаттық» 34 оқушы мемлекеттік білім грантына ие болды

Республикалық «Айқанат» Білім қоры» Қоғамдық қорының басты мақсаты – пәндік олимпиадалар өткізу арқылы ауыл мектептеріндегі қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау, қолдау көрсету, олардың шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру,  пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру, олардық қазақстандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарына түсу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету болып табылады.

 ай

Алғашқы олимпиада 2018 жылы желтоқсанда ауыл мектептерінің 9-сынып оқушыларының қатысуымен 12 ауданда өткізілді.

Олимпиаданың барлық кезеңдерінен өтіп, жеңімпаз атанған 16 оқушы  Тұңғыш Президент Қорының білім грантын иеленіп, 2019 жылдың қыркүйегінен бастап  Айқанаттың Бурабайда ашылған IQanat High School of Burabay мектебінде оқып бітіріп шықты.

2019  жылдың қазанынан бастап  «Айқанат»  олимпиадасының барлық жүлдегерлері «Edykon» қашықтықтан оқыту платформасы» арқылы математикалық сауаттылық, физика, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы пәндері бойынша онлайн сабақтарға қатысып, ҰБТ-ға тегін дайындалды.

Қазіргі таңда аталмыш мектепті бітірген 16 оқушының 10-ы, сондай-ақ Айқанаттың қалған жеңімпаздары, «Edykon» қашықтықтан оқыту платформасы» арқылы дайындалған ауыл мектептерінен 32 оқушының 24-і ҰБТ жоғарғы балл жинап, жалпы айқанаттық 34 оқушы мемлекеттік білім гранттарына ие болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале