19.08.2021, 18:19
Оқылды: 70

Оралдық ұстаз «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгесімен марапатталды

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында педагогтердің республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясы өтті.

бІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ00

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бірқатар мұғалімдерді Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісімен, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері төсбелгісімен марапаттады.

«Орал ақпараттық технологиялар колледжі» директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жазира Бисалиева «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Жазира Еңсепқызы 1971 жылы дүниеге келген. 1993 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын «химия және биология пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2016 жылы  "ТжК білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" АҚ-ның алғыс хатымен марапатталып, 2016 жылы "Үздік педагог" атағын иеленген.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале