20.08.2021, 16:04
Оқылды: 154

«Мектепке жол» акциясы басталды

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.

731D0FA7-5EFD-4E05-BDF6-F814DC394FC0

Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

Тамыз айының 1-і мен 10-ы аралығында «Луч» ЖШС жетекшісі Нариман Мусеновтің және Бірлік НМ, Қ.Сәтбаев атындағы ОМ ұжымының демеушілігімен 87 мың теңгеге балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формасы таратылды. Жеке кәсіпкер Марлен Сапаргалиев, «Кемешев» ЖҚ жетекшісі Сұлтан Кемешев Бірлік НМ оқушыларына демеушілік танытты. Аталған мектептердің әкімшілігі демеушілерге көрсеткен көмектері үшін шексіз алғыс білдіреді.

Бүгінде білім бөлімі көмекке мұқтаж ба­ла­­лардың тізімін дайындады. Бұл – 241 баланы құрайды, бірақ тізім ата-аналар­дан өті­ніштерді қабылдау арқы­лы толықтырылады. «Мек­тепке жол» акциясы 30 қыркүйек­ке дейін жалғасады жә­не оған белсенді қатысуға мүм­кін­дік бар.

Айгүл Қадырбайқызы,

Тасқала аудандық білім бөлімінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале