20.08.2021, 16:13
Оқылды: 40

Табыс көзін тапқан кәсіп иесі

Казталов ауданына қарасты Болашақ ауылында кәсіптің түр-түрін бастап жатқан ауыл тұрғындарының қатарында нәзік жандылар да бар. Өз талабына сай кәсібін дөңгелеткен аруларымыздың арасында Айман Серікованы айрықша атап кеткен жөн.

жжж

Ол аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант иеленіп, жеке жүн түту цехын ашты.

жжж1

Бүгінгі таңда бұл орталық ауыл халқына пайдасы тиер нысанның біріне айналды десек, артық айтқандық емес. Себебі ауылда көрпе, жастық, қыз жасауы сынды салт-дәстүрге сай қолөнер бұйымдарын жасататын елдің қарасы көп.

 

Райымбек Саматов,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале