23.08.2021, 11:26
Оқылды: 60

«Таза жағалау» акциясы жалғасуда

Бәйтерек ауданы Железнов ауылдық округінің әкімдігі «Таза жағалау» акциясын ұйымдастырды.

FB_IMG_1629692949079

Тұрғындарды табиғатты қорғауға шақыру және елді мекен жанында ағып жатқан Гавриловка өзенінің жағасын тазалау мақсатында өткізілген шараға ауыл тұрғындары, әкімдік қызметкерлері мен жастар қатысты.

Ауылына жаны ашыған жандар өзен жағасындағы қоқыстарды жинап, арнайы орынға тастады.

FB_IMG_1629692919378

– Акцияға 25 адам қатысты. 300 келіден астам қоқыс жинап, арнайы орынға жеткіздік. Көпшілікті туған жер табиғатын аялауға шақырамыз, – дейді ауылдық округ әкімдігінің бас маманы

Табиғатты қорғауға арналған акция округке қарасты Новенький ауылында да өтті. Тұрғындар Деркөл өзенінің жағасын қоқыстан тазартты. Округ әкімдігі мамандарының сөзінше, акцияға 20 адам атсалысыпты. Олар 200 келіден астам қоқыс жинап, оны арнайы

бөлінген мотороллер техникасымен қоқыс полигонына жеткізген.

FB_IMG_1629692968313

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале