24.08.2021, 10:07
Оқылды: 76

Жаңбыр қашан жауады?

"Бала кезімізде «Сүмбіледе су суыйды» деп отырушы еді әжем жарықтық. Әдетте сүмбіледе, яғни тамызда суыған сумен бірге күн де салқындайтын. Ал биылғы аптап ыстық тамыздың түбі көрінсе де, айылын жияр емес. Ауа қатты қапырық әрі шаң-тозаңданып кетті. Ауаны тазартар, тынысымызды ашар, шаң-тозаңды басып, жердің жүзін жайнатар жаңбыр қашан жауар екен?" – дейді Орал қаласынан Айсәуле Хамзина.

depositphotos_5330515-stock-photo-set-of-thermometers

Оқырманның сауалын алға тартып, біз «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (РМК) БҚО филиалы метеоболжамдар бөлімінің басшысы Динара Оспановаға хабарластық.

– 24-26 тамыз күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты облысымыздың солтүстік және солтүстік-батыс аймағында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, кей жерде 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 17-22 градусқа, облыстың оңтүстігінде 25 градустан 17-22 градусқа, батысында 14 градусқа, күндіз 35-40 градустан 30-35 градусқа дейін төмендейді. Орал аспанында көшпелі бұлт көрінгенімен, жаңбыр жаумайды. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 17-19 градус, күндіз 35-37 градус жылы. Біздің болжамымыз бойынша осы аптада Орал қаласының аумағында жаңбыр жаумайды, – дейді Динара Ерғалиқызы.

 

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале