24.08.2021, 20:18
Оқылды: 64

Ардагерлер сайысқа түсті

Орал қаласында тамыздың 24-25 күндері Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ҚР Конституциясы күніне орай еңбек ардагерлері арасында спорттың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ түрінен облыстық жарыс өтуде. Жарысқа аудандардан және Орал қаласынан жүзге жуық ардагерлер қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген құттықтау сөз сөйледі.

b9c1bec3-a813-41dd-ad4c-3503a71d176e

– Бүгін 11 команда шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ секілді сайысқа түсуде. Аудандардан Қаратөбе, Бөкей ордасы командалары әзірге қатыса аламай отыр. Жалпы шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ жарысына әр ауданнан, қаладан бір-бір адамнан қатысуда,-дейді облыстық ардагер кеңесі төрағасының орынбасары Әділгерей Ғаббасов.
– Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында облыс ардагерлері арасында волейболдан үлкен жарыс өтуде. Ойын жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Командалар арасындағы жарыс тартысты әрі қызықты өтеді деп ойлаймын. Біздер, ардагерлер, кезінде әр салада бірге қызметтес болған, көптен жолықпай жүрген жолдастарымызды, достарымызды, ағаларымызды көріп, қуанып жатырмыз. Бүгінгі жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілеймін,- деді сайысқа Жәнібек ауданының атынан қатысушы Сапарғали Сиражев.

Облыс ардагерлері арасындағы жарыстың жабылу салтанаты ертең өтеді.

ad7df392-7db7-42c9-9de0-1ec48e157548

5F6083C3-1822-4C75-8974-714DA1ED717E

Нұрым Нұрманов,

 zhaikpress.kz

(Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің алдағы жұма күнгі санынан оқи аласыздар)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале