Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы Үкімет қаулысының жобасын дайындады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланған. Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Үкімет келесі жылы демалыс күндерін ауыстыруды жоспарлауда. Демалыс күндері: 2022 жылғы 5 наурыз сенбіден 2022 жылғы 7 наурыз дүйсенбіге;
2022 жылғы 27 тамыз сенбіден 2022 жылғы 29 тамыз дүйсенбіге ауыстырылсын, делінген қаулыда.
Айта кетейік, 2022 жылы 8 наурыз мейрамы сейсенбіге түсіп тұр. Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн – 6, 7 және 8 наурыз демалмақ. 30 тамыз – Конституция күні де сейсенбі күні аталып өтеді. Сол себепті бұл мейрамда да адамдар қатарынан үш күн – 28, 29 және 30 тамыз демалады.
"Демалыс күндерін алдын ала ауыстыру демалуды, мәдени-бұқаралық және корпоративтік іс-шараларды, сонымен қатар олармен байланысты шығыстарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді", - делінген құжат мәтінінде. Қаулы жобасын қоғамдық талқылау мерзімі 7 қыркүйекке дейін созылады.
zhaikpress.kz