Ертең Орал қаласында мәдениет қызметкерлері арасындағы қазақ күресінен “Өнер барысы – 2021” қалалық ашық турнирі өтеді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Батыс Қазақстан облысының қазақ күресі ассосациясы мен Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі, қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің ұйымдастыруымен өтетін турнирге қалалық және аудандық мәдениет қызметкерлері топтық бәсекеде бақ сынайды.
- Қазақ күресі – қазақтың ұлттық күресі. Қазақ күресі – ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі кезде елімізде бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие. Бүгінде қазақ күресі жылдан-жылға дамып, қарқын алып келеді.
Мереке қарсаңында Жастар стадионында өтетін турнир 6 салмақ дәрежесі бойынша өткізіледі, - дейді Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің басшысы Серік Тоқмамбетов.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress.kz
Сурет inform.kz сайтынан алынды