26.08.2021, 20:00
Оқылды: 21

Түйткілді мәселелер талқыланды

26 тамыз күні Одақтар үйінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мәлік Құлшар мен Снежанна Имашева облыстық кәсіподақ өкілдерімен кездесті.

се

«Батыс Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығы» төрағасының орынбасары Бауыржан Атауов жиын басында:

– Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы Қазақстан Республикасы Кәсіптік одақтар федерациясы мен «Nur Otan» партиясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Жалпы мұндағы мақсат – әлеуметтік әріптестікті дамытып, жұмысшылардың еңбек құқықтары мен мүдделерін бірлесіп қорғау, - дей келе сөз кезегін Мәжіліс депутаттарына ұсынды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Иманқұлұлының айтуынша, «Nur Otan» партиясы фракциясының депутаттары ағымдағы жылдың алғашқы алты айында еңбек қатынастарына қатысты 10 заң жобасы талқылап, пысықталған.

сссс

«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы төрағасы Серік Сүлеймен, Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы ҚБ төрағасы Аманкелді Дәулетжанов, «Батыс су арнасы» ЖШС-ның кәсіподақ төрайымы Азилия Иликпаева ұсыныс-тілектерін білдіріп, ортаға ой тастады.

Өңірдегі кәсіподақ өкілдерінің әлеуметтік жағдайына баса назар аударылып, көкейкесті мәселелер талқыланды.

Мәжіліс депутаттары осы жиында көтерілген экономика, білім, ауыл шаруашылығы салаларындағы түйткілді мәселелерді құзырлы құрылымдарға жеткізетінін айтты.

 

 Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале